freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ЕО-ның 20-санкциялар пакеті: Қазақстандық компания шектеуге ілікті

Экономика
ЕО-ның 20-санкциялар пакеті: Қазақстандық компания шектеуге ілікті
Фото: Nicolas Tucat/AFP/Getty Images

Еуропалық Одақ Кеңесі Мәскеуге қарсы санкциялардың жаңа, ауқымды пакетін жариялады. Бұл – соңғы екі жылдағы ең ірі шектеулер жиынтығы, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Жаңартылған тізімге 120 адам мен ұйым енгізілді. «Қатаң әрі көпдеңгейлі» деп сипатталған шаралар Ресей экономикасының негізгі салаларына қысым жасауды көздейді.

Санкциялар аясында Ресейдің «көлеңкелі флоты» тағы 46 кемемен толықты. Сонымен қатар танкерлерді сату кезінде міндетті сенімділік тексерісі енгізіліп, бұл флоттың кеңеюін шектеуге бағытталған. Бұдан бөлек:

  • ЕО аумағында ресейлік мұзжарғыштар мен сұйытылған табиғи газ тасымалдайтын танкерлерге техникалық қызмет көрсетуге тыйым салынды;
  • 2027 жылдан бастап Ресеймен байланысты компанияларға СТГ терминалдарының қызметін пайдалануға шектеу қойылады.

Қаржы секторында транзакциялар бойынша Туапсе порты мен Мурманск порты, сондай-ақ 20 ресейлік банк және үшінші елдердегі төрт қаржы ұйымы шектеуге ілікті.

Криптоактивтер нарығында Ресей қолдайтын A7A5 стейблкоины мен RUBx криптовалютасына санкциялар енгізілді. Еуропалық компанияларға «цифрлық рубльді» дамытуға көмектесуге де тыйым салынды.

Ресейдің әскери-өнеркәсіп кешенімен байланысы бар деген күдікпен 58 компания санкция тізіміне қосылды. Олардың ішінде Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Өзбекстан, Қазақстан және Беларусь аумағында тіркелген 16 ұйым бар.

Сондай-ақ ЕО Қырғызстанға бағдарламалық басқарылатын станоктар мен радиоқұрылғылар экспортын шектеді. Мұндай шешім аталған техниканың Ресейге реэкспортталу қаупімен түсіндірілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу