Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

ЕО санкциялары: Швейцария да Ресейге қарсы жаңа шектеулер енгізді

Әлем
ЕО санкциялары: Швейцария да Ресейге қарсы жаңа шектеулер енгізді
Фото: freepik.com

Швейцария Украинаға басып кіруіне байланысты Ресейге қарсы енгізілген Еуропалық одақтың 19-санкциялық пакетіне қосылды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Елдің экономика, білім және ғылым министрлігі жаңа шектеулердің тізімін жариялап, олардың 13 желтоқсаннан бастап күшіне енетінін хабарлады.

Қабылданған шаралар аясында Ресейдің 22 жеке тұлғасы мен 42 компаниясының активтері бұғатталды. Сонымен қатар Ресейдің «көлеңкелі флотына» жататын кемелерді қоса алғанда, барлығы 116 кемені сатып алуға, сатуға және оларға қызмет көрсетуге тыйым салынды. Бұдан бөлек, Швейцария билігі үшінші елдерде орналасқанын қоса есептегенде, 45 компанияның экспорттық жеткізілімдеріне бақылауды күшейтеді.

Сондай-ақ Ресейдің бес банкі мен олардың өзге елдердегі төрт филиалына швейцариялық контрагенттермен операциялар жүргізуге тыйым салынды. Бұл шектеу үшінші елдерде жұмыс істейтін тағы сегіз компанияға да әсер етеді. Билік бұл шешімді аталған кәсіпорындардың Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне аса маңызды тауарларды жеткізудің алдын алуға бағытталған санкциялардың мақсатын «айтарлықтай әлсірететінімен» түсіндірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу