Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ер адам екінші әйелінен туған баласын көремін деп барғанда бірінші әйеліне ұсталып қалған

Әлем
Ер адам екінші әйелінен туған баласын көремін деп барғанда бірінші әйеліне ұсталып қалған
ашық дереккөзден

Сингапурда 30 жыл бойы екінші отбасын жасырып келген 67 жастағы Нг Теонг Мин есімді ер адам бір жыл бес айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Mothership басылымының жазуынша, Нг Теонг Мин алғашқы рет 1980 жылы мектепте бірге оқыған сүйіктісіне үйленген. Бұл отбасында ерлі-зайыпты екі бала өсірді. Алайда 1985-1995 жылдары жұмыс сапарымен жиі барып жүрген Малайзияның Саравак өңірінде ол басқа әйелмен жұбын жарастырып, 1995 жылдың желтоқсанында онымен де некелескен. Екінші некеден де екі бала туған. Екінші әйелі оның Сингапурда отбасы бар екенін білген.

Оның қос отбасын қатар ұстап келгені туралы ақпарат бірінші жұбайына тек белгісіз адамның Сингапурдың Иммиграция және бақылау қызметіне шағымдануынан кейін белгілі болды. Тергеу барысында жағдай анықталған соң, алғашқы әйелі ажырасуға шешім қабылдаған.

Сот отырысында Нг Теонг Мин көзіне жас алып, өз әрекетінің салдары үшін өкінішін білдірді.

2 желтоқсанда сот ер адамды түрмеге қамау туралы үкім шығарды. Ол абақтыдан шыққаннан кейін "ең үлгілі жанұя басы болады" деп уәде берген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу