freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ереже өзгереді: Домбыра мен қобызды енді ұшаққа қол жүгі ретінде алуға болады

Қоғам
Ереже өзгереді: Домбыра мен қобызды енді ұшаққа қол жүгі ретінде алуға болады
Фото: gov.kz

Қазақстанда әуе тасымалына қатысты ережелер жаңартылмақ, деп хабарлайды Malim.kz.

Енді музыкалық аспаптарды алғаш рет ресми түрде ұшақ салонына қол жүгі ретінде алып кіруге мүмкіндік беріледі.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті. Қазіргі уақытта жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе арқылы тасымалдаудың қолданыстағы қағидаларына өзгерістер енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Мұндай бастамаға тұрғындардан түскен көптеген өтініш себеп болған.

Жаңа талаптарға сәйкес, музыкалық аспаптардың, соның ішінде домбыра мен қобыздың өлшемі 110×35×30 сантиметрден, ал салмағы 10 келіден аспауы қажет.

Егер аспап жолаушының жалғыз қол жүгі болса, оны тегін алып өтуге рұқсат беріледі. Ал белгіленген шектен асқан жағдайда, қосымша орын үшін әуе компаниясының тарифіне сай ақы төлеу керек.

Бұған дейін музыкалық аспаптарды тасымалдауға қатысты нақты бірыңғай ереже болмаған. Олар багаж бен қол жүгіне қойылатын жалпы талаптар негізінде тасымалданып келген.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу