Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ермек Көшербаев вице-премьер болып тағайындалды

Саясат
Ермек Көшербаев вице-премьер болып тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Көшербаев ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда таратқан мәліметте. 

Бұған дейін Көшербаев ШҚО әкімі қызметін атқарып келді. Ал премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарып келген Тамара Дүйсенова президент көмекшісі болып тағайындалды.

Ермек Көшербаев 1965 жылғы 2 мамырда Алматы қаласында туған. 

C.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1982-1988) Тарихшы, шет тілінде оқытатын тарих пәнінің мұғалімі КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын (1991-04.1993) халықаралық қатынастар және сыртқы саясат мамандығы бойынша аяқтады, дипломат.

Фото: kzkazan.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу