Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ес-түссіз жатыр: Оқушылар 85 жастағы қарияның өмірін құтқарып қалды

Оқиға
Ес-түссіз жатыр: Оқушылар 85 жастағы қарияның өмірін құтқарып қалды

Абай облысы Көкпекті ауданында оқушылар қарияның өмірін құтқарып қалды. Қарт кісінің ауласын қардан тазартып беруге барған балалар 85 жастағы әженің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды Malim.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Қолғабыс етуге шыққан Расул Бақтыбеков, Ертай Айыпқазы, Ерасыл Дәуітхан жалғызбасты Фелисада Арабеж әжейдің үйіне барады.

"Әжейдің үйіне офицер-тәрбиешіміз Талғат Тоқтарұлының жетекшілігімен бардық. Біз келгенде үйдің ішкі жарығы қосылып тұрды. Есікті қағып, қоңырау соғып едік, жауап болмады. Бұл бізге күмән туғызып, көршілерден әжейді соңғы рет қашан көргенін сұрадық. Олардан қарияны соңғы 2 күннен бері сыртқа шықпағанын ести сала шұғыл әрекет жасауға шешім қабылдадық", - дейді оқушылардың бірі Ертай Айыпқазы.

Көршілермен бірге терезені сындырып, ішке кірген оқушылар әжейдің ес-түссіз жерде жатқанын көреді. Бірден жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер қажетті ем-домын жасаған. Осылайша, оқушылар мен олардың тәрбиешісінің қырағылығының арқасында бір адамның өмірі құтқарылды.

85 жастағы Фелисада Арабеж әжей қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу