Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Эстония үкіметі Украинаға әскер жіберуге ниетті екенін мәлімдеді

Әлем
Эстония үкіметі Украинаға әскер жіберуге ниетті екенін мәлімдеді

Эстония президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Мэдис Ролл Украинаға әскер жіберілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Breaking Defense басылымының жазуынша, Эстония үкіметі Украина қарулы күштерінің қару-жарақпен қамтамасыз ету функцияларын алу үшін Украинаның батыс бөлігіне әскер жіберу мүмкіндігін талқылап жатыр.

Біз барлық мүмкіндіктерді қарастыруымыз керек. Қолдан келетін нәрсені шектемеу қажет, – деп мәлімдеді Ролл.

Эстония қорғаныс күштерінің басшысы генерал Мартин Херем өткен аптада әскер бірнеше ай бұрын Украинаның батысына әскер жіберіп, медициналық қызмет көрсету, логистика немесе әуе қорғанысы сияқты мәселесін талқылағанын айтты. Бірақ бұл идея халықтың наразылығын тудырғаннан кейін бұл келіссөздер тоқтаған.

Сонымен бірге мамыр айының басында НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг альянс Украинаға әскер жіберуді жоспарлап отырған жоқ деп тағы да мәлімдеді.

Эстония – 2004 жылдан бері НАТО мүшесі.

Фото: voicesevas.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу