Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Футзалдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Спорт
Футзалдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды
Фото: ҚФФ

Рикардо Камара Собралдың (Какау) футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

54 жастағы маман отандық футзал жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол бұған дейін 2013-2018 жылдар аралығында футзалдан Қазақстан құрамасын баптады. Ұлттық құрама оның жетекшілігімен 2016 жылғы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін жеңіп, тарихи жетістікке жетті.

Какау клубтық деңгейде алматылық «Қайратта» сәтті жұмыс істеді. 2013 және 2015 жылдары футзалдан УЕФА Кубогын иеленді. Бұған қоса, Қазақстан чемпионаты мен Кубогын бірнеше мәрте жеңіп алды. 

Кейін Какау Италияның «Наполи», Румынияның «Юнайтед Галати», Кувейт, Ирак және Біріккен Араб Әмірлігі құрамаларын жаттықтырды.

Қазақстан футбол федерациясы Какауға ұлттық құрама тізгініндегі жұмысына сәттілік тілейді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу