Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бұрынғы депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы ғарышқа ұшады

Оқиға
Бұрынғы депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы ғарышқа ұшады

Дана Қарағұсова Қазақстаннан ғарышқа турист ретінде ұшатын алғашқы әйел атанады. Кәсіпкер New Shepard кемесінің экипажы құрамына кірді. Бұл туралы kursiv.media-ға сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 


Америкалық Blue Origin компаниясы осымен 36-мәрте туристерді орбитаға алып шығады. Миссия туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.

Қарағұсовамен бірге ғарышға кәсіпкер Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, стартаптар негісіз қалаушы Аарон Ньюман, украин кәсіпкері Виталий Островский және тағы бір жолаушы көтеріледі. Ол аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрді.

«Адамзат болашағы ғарышпен байланысты»

Дана Instagram-дағы парағы ғарышқа сапары жайлы былай деп жазды:

«Адамзаттың болашағы ғарышпен байланысты. Жаңа көкжиектерді бағындыру арқылы біз технологияларды ғана дамытып қоймай, жеке мүмкіндігіңізді кеңейте түсеміз. Мен үшін Blue Origin-нің NS-36 миссиясы – зерттеу жобасының бір бөлігі, сонымен бірге ұзақ жылдар бойы талпынып келе жатқан арманыма жақындай түсу», – деп жазды болашақ ғарыш турисі.

 

Миссия сайтында жарияланған экипаж құрамы туралы мәлімет бойынша, Дана Қарағұсова 25 жылдан астам уақыт бойы медиа, дистрибуция және түрлі шараларды ұйымдастырумен айналысқан. Ол Portals, мультимодальды экожүйесінің негізін қалаған. Жүйе өнер мен ғылымды цифрлы тетіктер арқылы біріктіреді.

Кәсіпкерліктен бөлек, Қарағұсова альпинист ретінде де танымал. Ол Килиманджаро мен Эльбрусты бағындырған. Дана шыңға шығуды ішкі күшін сынаудың бір амалы деп қарастырады. Енді қазақ қызы ғарышқа ұмтылады. Кәсіпкер оны «ермек емес, адамзаттың жаңа эволюциясы басталатын шекара» деп біледі.

NS-36 миссиясы – New Shepard бағдарламасының 15-сапары. Осы жоба аясында Blue Origin ғарышқа 75 адамды алып шықты. Бес жолаушы екі мәрте көкке көтерілген.

Кеме ұшатын күн кейін жарияланады. Сапар BlueOrigin.com сайтында, сонымен бірге әлеуметтік желілер мен YouTube платформасында көрсетіледі.

Бұған дейін Kursiv.Media Қазақстан тарихында алғашқы ғарышкер қыздар тобы құрылғанын жазған. Арулар ғарышқа ұшпаса да, жердегі модульде жаттығады. SANA-1 деп аталатын сынақ 10 тәулікке созылады. 

Айта кетейік wikipedia.org сайтында Дана Қарағұсова экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы екені жазылған. 

Фото: Blue Origin  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу