Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Генерал Алтынбаевтың генерал ұлы қызметінен кетті

Саясат
Генерал Алтынбаевтың генерал ұлы қызметінен кетті

Ақорда сайтының хабарлауынша, қорғаныс министрінің орынбасары Мүслім Алтынбаев президент Тоқаевтың өкімімен қызметінен босатылды.

Мүслім Алтынбаев - Халық батыры, бұрынғы сенатор және бұрынғы қорғаныс министрі, әскери ұшқыш, генерал Мұхтар Алтынбаевтың ұлы.

Мүслім Алтынбаев 1966 жылы туылған. 1987 жылы Ставрополь жоғары әскери авиациялық штурмандар мен ұшқыштар училищесін бітірген. 1998 жылы Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің Әскери академиясын бітірген. 2004 жылы АҚШ Қарулы Күштерінің Ұлттық қорғаныс университетін бітірген.

Бұған дейін "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, ҚР Қарулы күштері бас штабы бастығының орынбасары,  Қауіпсіздік Кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің жетекшісі қызметін атқарды. Қорғаныс министрлігіне орынбасар болып 2017 жылдың қазанында келген.

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу