Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Геоақпараттық портал құрылмақ

Сұқбат

Шымкентте геоақпараттық портал құрылмақ. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында құрылмақ бұл жоба 2021 жылдың соңында қолданысқа берілуі керек. Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының 2021 жылдың I тоқсанындағы жұмыстарға есеп берген басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Архабаев осындай жаңалығымен бөлісті.  

Қала әкімі Мұрат Әйтенов геопортал болашақ үшін маңызды қадам деді. «Барлық жүйелік жұмыстар осы геопортал жүйесінде жасалу керек. Тұрғындар қаланың даму бағыттарын сәулетшілерден біліп отыруы тиіс. Бұл ретте түсіндіру жұмыстарын қолға алу қажет» деді қала басшысы.  

 

Геопорталда электрондық кезекші карта бойынша жұмыс жүргізу, қолда бар барлық картографиялық деректерді жинау, Бас жоспарды егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын орналастыру (II тоқсан), жоғары деңгейдегі аэрофототүсірілім жүргізу, басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрымен интеграциялау, бос жерлерді электронды аукционға шығару (II тоқсан) және тағы басқа жұмыстар атқарылмақ.

 

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу