Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Германия экономика министрі Киевтегі шабуыл кезінде жасырынуға мәжбүр болды

Әлем
Германия экономика министрі Киевтегі шабуыл кезінде жасырынуға мәжбүр болды

Германия экономика министрі Катерина Райхе 24 қазанда Украинаға жасаған сапары барысында Киевке бағытталған әуе шабуылы кезінде делегация мүшелерімен бірге шамамен бір сағат бойы бомба паналау орнында болды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге cілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, барлық делегация мүшелері дін аман. Handelsblatt басылымының жазуынша, паналау орны ретінде министр тоқтаған қонақүйдің бұрынғы жерасты автотұрағы пайдаланылған. Әуе дабылы 3:51-де беріліп, қауіптің сейілгені таңғы 5 шамасында хабарланған.

Баспасөз конференциясында Райхе бұл түнді «қатты әсер еткен ерекше жағдай» деп атап, украиндар үшін мұндай сәттердің «өкінішке қарай, күнделікті шындыққа айналғанын» айтты. Оның сөзінше, Ресейдің шабуылдары Украина халқының рухын әлсіретуді көздейді.

Фото: Mykola Berdnyk/DW

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу