Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған тағы да Израильдің әрекеттерін айыптап, Анкараның Газа халқын қолдаудағы және Шығыс Иерусалимнің құқықтарын қорғаудағы мызғымас ұстанымын растады, деп хабарлайды Malim.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.
Ердоғанның айтуынша, Түркия ешкімге Қасиетті Иерусалимді арам қолдарымен қорлауға жол бермейді.
«Мен Гитлерге еліктеушілердің іште бүккен азабы ешқашан басылмайтынын білемін», – деді түрік көшбасшысы.
Мемлекет басшысы сонымен қатар қоршаудағы Газа секторына жасалып жатқан үздіксіз израильдік шабуылдарға назар аударды.
Фото: x.com/RTErdogan