6 қаңтар күні мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов марқұм Асанәлі Әшімовтің қаралы шаңырағына арнайы барып, дұға жасады, деп хабарлайды Malim.kz.
Аталған жағдай жөнінде ақын Маралтай Райымбекұлы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған.
"Қақ төрдегі Асанәлі ағаның орнында кіші Асанәлі отырды. Баталы сөз бен аталы сөз осы кішкентай Асанәліге қарата айтылды. "Орнында бар оңалар" деген сөз еріксіз ойыма оралды. Иманғали аға Асанәлі ағаның жылдығына дейін естелік кітаптары мен Асанәлі ағаның Кеңсайдағы басын қарайтуға көмегін беретін болды. Асыл ағаның шырағы сөнбесін!" – деп жазды ақын.