Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Интернеттің қымбаттауы. “Қазақтелекомға” қатысты тергеу жүріп жатыр

Құқық
Интернеттің қымбаттауы. “Қазақтелекомға” қатысты тергеу жүріп жатыр

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазақтелеком" АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Бұған байланыс операторының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзуы себеп болған. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.


Агенттік байланыс операторларының сымды интернет қызметтеріне баға динамикасына талдау жүргізген.

"Қазақтелеком" АҚ әрекеттерінде қызмет құнына монополиялық жоғары баға қою белгілері байқалды. Мәселен, 2024 жылы оператордың интернетке қол жеткізу тарифтерінде жылдамдығы 100 Мбит/сек., 200 Мбит/сек. және 500 Мбит/сек. бағаның өсу қарқыны 20%-ға дейін жетті", – делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі "Қазақтелекомға" қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу деректері бойынша тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Бұдан бөлек агенттік ұялы байланыс қызметтерінің де баға динамикасына талдау жүргізген.

"Оның барысында да монополиялық жоғары баға қою белгілері анықталды. Қазір ұялы байланыс операторына қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу дерегі бойынша тергеп-тексеру тағайындау мәселесі қаралып жатыр", – делінген ресми хабарламада.

Фото: orda.kz


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу