freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Интерпол: 97 елде 5 800-ден аса алаяқ ұсталды

Құқық
Интерпол: 97 елде 5 800-ден аса алаяқ ұсталды
https://interpol-stop.com/

Интерполдың үйлестіруімен өткен халықаралық Operation First Light 2026 операциясында 97 елде әлеуметтік инженерия әдістерімен айналысқан 5 811 күдікті ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Құқық қорғау органдары заңсыз жолмен алынған 293 миллион доллардан астам қаражаттың қозғалысын тоқтатқан.
Тергеу барысында қылмыстық топтардың жалған банк қызметкері, полиция өкілі немесе инвестор ретінде хабарласып, адамдарды ақша аударуға көндіргені анықталды. Сонымен қатар махаббатқа негізделген алаяқтық, криптовалюта арқылы алдау және жалған инвестициялық жобалар әшкереленді. 142 мыңнан астам жәбірленуші анықталған.
Ең қызығы, Интерпол бірнеше ерекше істі мысал ретінде келтіреді:
- Эсватиниде (Африка) алаяқтар Бразилия федералдық полициясының жалған бөлімшесін жасап алған. Ғимаратта форма, маңдайша, қызметтік бөлме – бәрі шынайы полиция бөлімшесіне ұқсас безендірілген. Олар видеоқоңырау арқылы өзін бразилиялық полицей ретінде таныстырып, адамдарды "ақшаңызды қауіпсіз шотқа аударыңыз" деп алдаған. Бұл іс бойынша 82 адам ұсталып, 240 электрондық құрылғы тәркіленген.
- Таиландта 20 жастағы күдікті 10 ай ішінде 122,5 млн доллардан астам криптовалюта операциясын жүргізді деген күдікпен ұсталды.
- Палауда қонақүйлерде жұмыс істеген екі алаяқтық орталығы әшкереленіп, 22 шетелдік елден қуылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу