Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран АҚШ-пен диалогқа дайын екенін мәлімдеді

Әлем
Иран АҚШ-пен диалогқа дайын екенін мәлімдеді
Фото: Iranian Presidency/Anadolu/picture alliancе

Иран президенті Масуд Пезешкиан Вашингтонмен арадағы қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуді қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

АҚШ-тың жаңа әскери кемелер жіберуі мен Дональд Трамптың қатаң риторикасына қарамастан, Тегеран келіссөздерге негіз дайындап жатыр.

Иранның мемлекеттік IRNA агенттігінің хабарлауынша, жексенбі, 1 ақпанда Масуд Пезешкиан АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан жасалған кезекті әскери қоқан-лоққылардан кейін қақтығысты бейбіт жолмен реттеу қажеттігін айтты. Бұл туралы ол Мысыр президенті Абдель Фаттах ас-Сисимен телефон арқылы сөйлесу барысында мәлімдеген.

Пезешкианның айтуынша, Иран «ешқашан соғысқа ұмтылған емес және қазір де оған мүдделі емес». Ол сонымен қатар соғыс Иранға да, АҚШ-қа да, жалпы аймаққа да пайда әкелмейтінін атап өтті.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу