Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Иран үлкен қателік жасады – Израиль премьер-министрі

Әлем
Иран үлкен қателік жасады – Израиль премьер-министрі

Иран Израильді зымыранмен атқылағаннан соң Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мәлімдеме жасап, міндетті түрде жауап болатынын алға тартты, деп хабарлайды Malim.kz.

Иран бүгін кешке үлкен қателік жасады – сол үшін ол жауап береді. Иран режимі біздің өзімізді қорғағымыз және жауымызға кек қайтарғымыз келгенін түсінбеді. Біз қабылданған ережеге сүйенеміз: бізге кім шабуыл жасаса, біз оған жауап қайтарамыз, - деді Нетаньяху.

Израиль әскерінің ресми өкілі Даниэль Хагари шабуыл салдарынан қаза тапқандар жоқ екенін айтты. 

Ал Израильдің медициналық қызметі екі адам жарақат алғанын хабарлады.

Шетелдік БАҚ Иранның Израиль аумағына шамамен 180 зымыран атқылағанын мәлімдеді.

Фото: Фото: AP/TASS

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу