Испанияның Гранада қаласы маңында магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz KP.ru-ға сілтеме жасап.
Жерасты дүмпулері 15 тамызға қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00 шамасында сезілген. Эпицентрі Алендин елді мекені маңында, ал жер сілкінісінің ошағы шамамен 2 шақырым тереңдікте орналасқан.
Дүмпу Андалусияның бірнеше аймағында сезілген. Төтенше қызметтерге шамамен 200 хабарлама түскен.
Жер сілкінісінен кейін кейбір ғимараттардың қабырғаларында жарықтар пайда болып, карниздер, қабырға бөліктері және басқа да құрылыс элементтері құлаған. Бірқатар автокөлікке де зақым келген.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Гранададағы тарихи Альгамбра кешеніне де зақым келмеген.