Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Израиль Бейруттың тығыз ауданын атқылап, 4 адамды жайратып салды

Әлем
Израиль Бейруттың тығыз ауданын атқылап, 4 адамды жайратып салды

Израиль орталық Бейрутқа жаппай әуе соққыларын жасады. Ливанның бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеген BBC жазуынша, одан 4 адам қаза тауып, 23 адам жараланған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ел астанасындағы Баста ауданында 8 қабатты тұрғын үй бес зымыранмен толығымен қиратылған. Жергілікті «әл-Манар» телеарнасы Ливанның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сілтеме жасап, қаза тапқандар мен жараланғандар туралы хабарлаған.

Израиль әскери күші сенбі күні таңертеңгі уақытта болған әуе соққыларына қатысты әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Үлкен шабуыл шамамен жергілікті уақыт бойынша таңғы 04:00-де (GMT 02:00) болған. Жарылыстар Бейрутты дүр сілкіндірген. Төтенше жағдай қызметтері тығыз қоныстанған Баста ауданында қирандыларды қараңғыда іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото: reuters.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу