Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Израиль Халықаралық қылмыстық сотқа шағым түсірді

Әлем
Израиль Халықаралық қылмыстық сотқа шағым түсірді

Халықаралық қылмыстық сот премьер-министр Биньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантты қамауға алуға ордер берді, деп хабарлайды Euronews. 


Нетаньяху кеңсесінің хабарлауынша, Израиль сәрсенбі күні бұл шешімге қарсы апелляциялық шағым түсірді.

Мәлімдемеде апелляция қабылданбаған жағдайда бұл тек «Израильдің АҚШ-тағы достарына және бүкіл әлемге Халықаралық қылмыстық соттың Израильге қаншалықты бейтарап екенін көрсетеді» делінген. 

Өткен аптада ХҚС Палестина аумағында жасалған әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін Нетаньяху мен Галантты қамауға алу туралы ордер берді.

Апелляция қаралып жатқанда, Израиль сондай-ақ ХҚС-тан осы екі тұтқындау ордерінің орындалуын тоқтатуды сұрады. 

Осы арада Франция СІМ бұған дейін Нетаньяху Франция аумағында ХҚС ордері бойынша қамауға алынбайтынын мәлімдеді. Сыртқы саяси ведомствода Нетаньяху мен Рим статутына қол қоймаған елдің басқа қазіргі министрлері иммунитетке ие екенін түсіндірді.

Бұл мәлімдеме Израиль мен Ливандағы «Хезболла» тобы арасында бітімге қол қойылғаннан кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды. Израильдің Haaretz және Kan басылымдары Израильдің Францияға Ливандағы атысты тоқтату келісіміне қатысуы үшін осындай шарт қойғанын хабарлады.

Израиль ХҚС-тың Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантқа қарсы соғыс қылмыстары үшін айыптауларды үзілді-кесілді қабылдамай, оны «ұят» және «антисемиттік» қадам деп атады. АҚШ президенті Джо Байден израильдік саясаткерлерді тұтқындауға ордер беруді шектен тыс әрекет деді.

Бұған дейін Халықаралық қылмыстық сот палестиналық ХАМАС қозғалысы әскери қанатының қолбасшысы Мұхаммед ад-Дейфті қамауға алуды талап етті. 

Сондай-ақ, ол Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен қорғаныс министрі Йоав Галантты қамауға алуға ордер берді.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу