freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Камера алдында ғана жылдамдық азайту аз: Жаңа жол ережелері күшіне енді

Құқық
Камера алдында ғана жылдамдық азайту аз: Жаңа жол ережелері күшіне енді
Виктор Федюнин/ Kazinform

11 мамырдан бастап елде жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатысты заңнамалық түзетулер топтамасы ресми түрде күшіне енді. Енді республикалық тасжолдарда жылдамдық режимін бақылау принципі түбегейлі өзгереді, деп хабарлайды Malim.kz Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап. 

Жаңа заңның басты жаңалықтары:

Орташа жылдамдық: Енді бейнебақылау жүйесі автокөліктің екі бақылау нүктесі арасындағы қашықтықты қанша уақытта өткенін есептейді. Егер жүргізуші камераның алдында ғана жылдамдық тежеп, кейін шектен асырса, жүйе оны автоматты түрде анықтап, айыппұл (5-тен 40 АЕК-ке дейін) жазады.

Камера туралы ескерту: 11 мамырдан бастап камералардың алдына «фотобейнетіркеу» туралы ескерту белгілерін қою міндетті емес. Жүргізушілер енді тек жылдамдықты шектейтін негізгі белгілерге ғана назар аударуы тиіс.

Апаттан кейінгі техникалық байқау: Ауыр жол апаттарына ұшыраған көліктердің диагностикалық картасы біріңғай жүйеде жойылады. Бұл дегеніміз, көлікті жөндегеннен кейін иесі ресми техникалық байқаудан қайта өтуге міндетті. Тиісті құжатсыз көлікті басқаруға тыйым салынады.

Арнайы көліктерге жол беру: Жедел жәрдем, өрт сөндіру немесе полиция көліктері сиренамен келе жатқанда, жаяу жүргіншілер жолға шықпауы тиіс. Ал жолдың ортасында жүргендер дереу жолды босатуға міндеттелді.

Сонымен қатар жаңа ереже жүргізушілердің құқығын да қорғайды. Егер патрульдік полиция қызметкері сізді ереже бұзғаныңыз үшін тоқтатса, оның техникасына жазылған бейнежазбаны оқиға орнында көрсетуді талап етуге толық құқығыңыз бар.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу