Маңғыстауда өлі итбалықтар Баутин ауылы маңындағы «Асан» және «Каса» аймақтары арасындағы жағалау бөлігінде анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы облыстық Экология департаменті мәлімдеп отыр. 19 мамырда облыстық балық шаруашылығы басқармасының жануарлар әлемін қорғау қызметінің инспекторлары 35 итбалықтың және бекіре тұқымдас балықтардың елексесін тапқан көрінеді.
Осыған байланысты экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары аталған учаскеде теңіз суынан сынамалар алды. Су сынамаларын зерттеу нәтижелері қосымша хабарланатын болады, - деп жазылған абарламада.
Айта кететін жайт, мамыр айының 10-11 күндері өңірдегі Түпқараған ауданының Баутин ауылындағы теңіз жағалаудан 37 өлі итбалық табылған болатын. Сол кезде де облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары теңіз суынан сынамалар алғанын мәлімдеген еді.