freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кеме жолаушыларына хантавирус жұқты. Олар 42 күн карантинде болады

Әлем
Кеме жолаушыларына хантавирус жұқты. Олар 42 күн карантинде болады
Antonio Sempere/AFP

MV Hondius круиздік лайнерінде хантавирустың өршуі тіркелген соң, эвакуацияланған жолаушыларға 42 күн карантинде болу ұсынылды, деп хабарлайды Report. 

Бұл ұсынысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус жасады.

— Біздің ұсынысымыз айқын: 10 мамырдан бастап 42 күн белсенді бақылау, 42 күн карантин. Карантинді арнайы мекемеде де, үйде де өткізуге болады, — деді ол Канар аралдарына жеткен лайнер жолаушыларын эвакуациялаудан кейінгі брифингінде.

ДДҰ басшысы «ұйым тек ұсыныс береді, бірақ оған мүше мемлекеттерді міндеттемейді» деп атап өтті.

Оның сөзінше, әр ел өзінің ұлттық хаттамалары және тәуекелдерді бағалау негізінде шешім қабылдайды.

Айта кетейік, ұйым осыған дейін Хантавирус бірнеше елге тарағанын, алайда жаппай дүрбелеңге негіз жоқ екенін хабарлаған болатын.


 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу