Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

КешYOU тобы танымал рэпер Снуп Доггпен бір сахнада ән шырқайды

Шоу-бизнес
КешYOU тобы танымал рэпер Снуп Доггпен бір сахнада ән шырқайды

Танымал қазақстандық продюсер Баян Алагөзова КешYOU тобының атақты рэпер Снуп Доггпен бір сахнада өнер көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

18 жыл бұрын бұл мектептен қаншама талантты қыз өтетінін елестете де алмаған едім. Олар нағыз кәсіби мамандарға айналды. Ал біз тарихты жазуды жалғастыра береміз, - деп жазды ол.

Алагөзова концерт 2024 жылғы 15 маусымда өтетінін жариялап, қыздарға қолдау көрсетуді сұрады.

15 маусымда біздің қыздар Снуп Доггпен бір сахнада ән айтады. Егер сіз Милуокиде болсаңыз, қыздарымызды қолдап кетіңіз! Бұл жаңа құрамның алғаш рет сахнада ән шырқауы және ол стадионда өтпек. Құдайдың өзі маңдайынан сүйген қыздар ғой. Қолдау көрсеткен хореографтарға, вокал бойынша ұстаздарымызға, дыбыс режиссерлеріне, стилистер мен дизайнерге алғыс айтамын. Біз қолымыздан келгеннің бәрін істедік. Енді, қыздар, бәрі өздеріңе байланысты, - деді продюсер.

Естеріңізде болса, 2024 жылғы мамырда КешYOU-дің аталған рэпермен ән жазғаны белгілі болған.

Фото: instagram.com/keshyou_official

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу