Әлеуметтік желіде актер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмазқызына арналған жазбасы таралып, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Malim.kz.
Дереккөздің жазуынша, жазбада актер экс-әйеліне бағыттап, оның өмір салты мен мінезіне қатысты ауыр пікір білдірген. Ол бұрынғы жарына жеке өміріне араласпай, өз тіршілігімен тыныш айналысуға кеңес берген.
"Өміріңді тыныш сүр, менің саған қатысым жоқ. Мен Аллаға шүкір, өз жағдайыммен жүрмін. Жұмыс істеп, үйіңді асыра. Менен алатыныңды әлдеқашан алғансың. Зарлай бермей, тірлігіңді жаса. Сенің сұлулығың кімге керек, ішкі әлемің лас болса. Талай сенен сұлу, ақылды қыздар бар. Сондықтан әркімнің өміріне килікпей, өз жолыңмен кет", – деп жазған Нұрсұлтан Жақсыген.
