Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Кісі өлтіруге үндеген азаматтар ұсталды. Олар Конституциялық құрылысқа қарсы насихат жүргізген /видео/

Құқық
Кісі өлтіруге үндеген азаматтар ұсталды. Олар Конституциялық құрылысқа қарсы насихат жүргізген /видео/
© Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді, соның ішінде әлеуметтік желіде насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады.

Тергеудің болжамы бойынша, олар діни себеппен - шабуылдар жасау мен кісі өлтіруге үндеулер таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан.

Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиеттер тәркіленді.

Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды.

 

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар, 3 қарашада осындай қылмысы үшін терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу