freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Көкпар финалы алдында алаңда келеңсіздік болды

Қоғам
Көкпар финалы алдында алаңда келеңсіздік болды
Фото-коллаж: malim.kz

Қырғызстанда өтіп жатқан Көшпенділер ойындарында көкпардан финалдық кездесу басталар алдында алаңда келеңсіз жағдай болды, деп хабарлайды Malim.kz.

 Bairaqa media мәліметінше, оқиға орнынан видео жариялаған спорт журналисі Аслан Қаженов жарыстың ұйымдастырылуына қатысты сын айтты. Кадрлардан алаңда адамдардың топтасып, қарбалас жағдай туындағанын көруге болады.

Журналистің сөзінше, көкпардан финалдық кездесу әлі басталмай жатып, алаңда түрлі түсініспеушілік орын алған.

"Ұйымдастыру - нөл!"— деп бағалады ол жарысты ұйымдастыру деңгейін.

Әзірге болған жағдайға қатысты жарыс ұйымдастырушыларының ресми түсініктемесі жарияланған жоқ.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу