Ақмола облысында асфальт зауыттарының бірінде битум тұтанды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.
Өрт 100 шаршы метр аумақты қамтыған. Құтқарушылар оқиға орнына шақырту деңгейін көтеріп, жедел жетті.
Өртті сөндіруге ТЖД-ның 25 қызметкері мен сегіз техникасы жұмылдырылды. Өрт толықтай сөндірілді.
Оқиға салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
ТЖД өндірістік нысандарда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.