freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Конституция жобасының референдумға шығатын ақырғы нұсқасы жарияланды

Құқық
Конституция жобасының референдумға шығатын ақырғы нұсқасы жарияланды
ФОТО: © Конституциялық Соттың ресми сайты

Астана, malim.kz. Конституциялық Соттың ресми сайтында Конституция жобасының референдумға шығатын ақырғы нұсқасы жарияланды деп хабарлайды malim.kz.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЖОБАСЫ: ТОЛЫҚ МӘТІНІ

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Конституциялық реформа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда бір палаталы Парламент құру жөніндегі бастамасының негізінде туындады. Президент бұл идеяны 2025 жылғы 8 қыркүйекте халыққа арнаған жыл сайынғы Жолдауында жариялап, оның мақсаты саяси жүйені кешенді түрде жаңғырту және жасанды интеллект дәуірінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының одан арғы үдерісіне оң ықпал ету екенін атап өтті.

8 қазанда Парламенттік реформа бойынша жұмыс тобын құру туралы өкімге қол қойылды. Оның құрамына белгілі заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар фракцияларының өкілдері кірді.

Сонымен қатар, азаматтар да e-Otinish және eGov порталдары арқылы өз пікірлері мен ұсыныстарын жолдап, талқылауға белсенді қатысты.

Бірнеше ай бойы қоғамда жаңа реформаға қатысты қызу пікірталас жүрді. Осы кезең аралығында Жұмыс тобы азаматтар мен сарапшылардан түскен 2 мыңнан аса ұсынысты жан-жақты қарастырып, жүйеледі.

2026 жылғы қаңтарда өткен Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент реформасына қатысты азаматтардан түскен ұсыныстарды қорытындылап, алдағы өзгерістердің жалпы тұжырымдамасын ұсынды.

Президент бастапқыда түзетулер Ата заңның шамамен 40 бабына қатысты болады деп жоспарланғанын атап өтті. Алайда қоғамдық талқылаулар барысында өзгерістер ауқымының әлдеқайда кең екені, олардың Конституцияның өзге де бөлімдері мен көптеген баптарын қамтитыны айқындалды, - 

деген резюме берілген екен Конституцияның жаңа жобасы туралы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу