«10 млн теңге алып жатқанда ұсталды». Алматыда бопсалаушы блогер қолға түсті

Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады, деп хабарлайды Malim.kz.
Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсету арқылы 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ, олар, жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге тиіс болған 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған.
Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталған.
Қылмыстық-процессуальдық Кодекстің 128-бабына сәйкес, олар уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Фото: видеодан скриншот

Самое читаемое
