Алматыдағы стоматологиялық емханадан 13 мың вейп табылды (ВИДЕО)

Барлығы тәркіленіп, қылмыстық іс қозғалған

Мәди Саматұлы

  • 21.09.2024

Алматыдағы стоматологиялық емханалардың бірінде электронды темекінің заңсыз айналымы анықталған, деп хабарлайды Malim.kz.

Тінту кезінде емхана қоймасынан 13 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленген.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам анықталды және ұсталды, ол электронды темекінің заңсыз айналымын жасағанын мойындады.

Оның айтуынша, ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқан. Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр, деп мәлімдеді Алматы қаласы ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы полиция подполковнигі Асхат Дәулетияров.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді.

Қылмыстық кодекске 301-1-бап қосылды (Шылым шекпейтін темекі өнімдерінің, электронды тұтыну жүйелерінің (вейптар), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтардың айналымы).

Фото: pexels.com

Байланысты жаналықтар

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025
MalimBlocks
Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Талғар ауданында атыс болды

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды