Ақтауда мас жүргізуші балалар отырған көлікпен соқтығысқан

Оны полиция ұстап әкетті

Мәди Саматұлы

  • 19.05.2024

Ақтауда жол талғамайтын көлік тізгіндеген мас жүргізушісі ішінде кішкентай балалар отырған көлікке соққан. Бұл туралы Lada жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ғаламторда 18 мамырдан 19 мамырға қараған түні болған жол апатының салдарын көрсеткен бейнежазба жарияланған.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі 20-шы шағын ауданнан келе жатып, қарсы жолақпен келе жатқан көлікпен соқтығысқан. Соған қарамастан жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізуші тоқтамастан жүріп кете берген.

Сол бетімен барып, 12 шағын аудандағы «Жас қанат» спорт кешені тұсындағы көше қиылысында Kia көлігіне соққан. Ал Kia-ның ішінде жас балалары бар отбасы отырған. Жол талғамайтын көлік иесінің мас болғаны айтылады.

Облыстық полиция департаменті оқиға кезінде Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі мас болғанын растаған. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігі айып тұрағына қойылды.

Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы дәрігерлерге қоңырау 23:05-те түскенін хабарлады. Бір адам зардап шеккен, бірақ ол ауруханаға жатқызудан бас тартқан.

Фото: 

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025

Талғар ауданында атыс болды

09.05.2025

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

06.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді

Талғар ауданында атыс болды

Балаларының көзінше пышақтаған: әйелін өлтірді деген экс-полицейдің ісіне қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда полицей балаларының көзінше әйелін пышақтап өлтірді