Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Құқық
Ақтөбеде бұрынғы әйелін тұншықтырып өлтірген ер адам 11 жылға сотталды

Ақтөбеде бұрынғы әйелін өлтірген ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Іс Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот 2024 жылдың 1 ақпанында Темір ауданының Сарыкөл кентінде сотталушы бұрынғы әйелінің үйінде болған кезде жанжал үстінде оны тұншықтыра бастағанын анықтады. Механикалық асфиксия нәтижесінде әйел қайтыс болды.

Сотта сотталушы кінәні толық мойындады.

Сот үкімімен Қ. ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі («кісі өлтіру») бойынша кінәлі деп танылды және оған 11 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сотталғаннан жәбірленушінің пайдасына 20 000 000 моральдық зиян, 318 062 теңге материалдық залал өндірілді, - деп хабарлады Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайғылы оқиға 2024 жылдың 31 қаңтарынан 1 ақпанға қараған түні Темір ауданының Шұбарши ауылында болған.

Коллаж:  inbusiness.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу