Ақтөбеде тасқын болып жатқанда 600 мың теңге пара алған

Пара берген компания басшысы да жазасыз қалмады

Malim Админ

  • 26.11.2024

Ақтөбе облысында тасқында пайда таппақ болған шенеунік жазаланды. Ойылдың Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы мен жолына жауапты басшы мердігерлерден пара алған.

Көктемде Ойыл ауданында жүздеген үй қирап, жолдар мен көпірлерді су шайған еді. Шаңырағынан айырылғандар қайда барарын білмей қиналды. Ал бөлім басшысы Айнат Қазмағанбетов бас пайдасын ойлаған. Ол тасқыннан келген шығынды есептейтін бағалаушы компания басшыларынан пара алған. Алдымен екі жақты келісімшарт толтырып 100 мың теңге сұраған. Ақшаға құныққан шенеунік Ойылдың оңтүстік бөліміне электр сым тартатын мердігерден 500 мың алған. Сотта бұрынғы шенеунік кінәсін бірден мойындады. Сол үшін судья айыппұлмен шектеуді жөн көрген. Сондай-ақ пара берген компания басшысы да жазасыз қалмады — он миллион теңге айыппұл төлейді. Бөлім басшысының айыппұлы одан 11 миллион теңгеге артық.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің бас маманы Жансая Таированың мәлімдеуінше, құқық бұзушыға жаза тағайындалды. 
"Сот үкімімен сотталушы К. ҚР ҚК 66-бабының 3-бөлігімен, 1-4-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кәнілі деп танып, оған параның 35 еселенген сомасында, яғни 21 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды".

Фото: 
 

Байланысты жаналықтар

Жамбыл облысында жүріп-тұруына пара алған шенеунік сотталды

01.04.2025

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

01.04.2025

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

31.03.2025

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

27.03.2025

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

23.03.2025

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды

19.03.2025
MalimBlocks
Жамбыл облысында жүріп-тұруына пара алған шенеунік сотталды

Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясы басшысының м.а. сотталды

Адам зорлады: Қаскелеңде сот ғимаратынан күдікті қашып кетті

1 сәуірде Алматы облысында аудандық сот ғимаратынан зорлау бойынша күдікке ілінген адам тергеу барысында қашып кеткен

Әкімдіктің лауазымды тұлғалары пара алғаны үшін сотталды

Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша жұмыс жалғасып жатыр

Қазақстан футболындағы дау: 3 млрд теңге қайда жұмсалды?

Бас прокуратура Қазақстан футболында бұрынғы федерация басшылығы кезінде жасалған бұзушылықтарды анықтады

Германияда үш жасөспірім лаңкестікке қатысты түрмеге қамалды

Шабуыл жасау үшін олар бірнеше қаланы таңдаған

Арғын Нығматулин ісі бойынша жаңа мәлімет пайда болды