Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбелік есірткі сатушылар қылмысын жасырам деп адам өлтірген

Құқық
Ақтөбелік есірткі сатушылар қылмысын жасырам деп адам өлтірген

Ақтөбеде есірткі зертханасын ұйымдастырушылары сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс прокуратурасының мәліметінше, Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен өңірдің екі тұрғыны Ақтөбе аумағында кісі өлтіру және есірткі зертханасын ұйымдастыру деректері бойынша әрқайсысы 19 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған.

Олар психотроптық заттарды заңсыз сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылмау мақсатында өңірдің тұрғынын (өздері мен куәны байланыстырушы) өлтірген. Прокуратураның үйлестіруімен қылмыстық іс тергеп-тексеріліп, қысқа мерзімде сотқа жолданды, деп жазылған прокуратура мәлімдемесінде.

Сотталғандардың кінәлары сотта жан-жақты және толық зерделенген дәлелдер жиынтығымен дәлелденген. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: pexels.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу