Астанада мас адам біреудің көлігін Қарағандыға айдап кеткен

Жәбірленуші көліктің артқы есігін құлыптамай қалдырған

Мәди Саматұлы

  • 30.11.2024

Елордада мас адам біреудің көлігін айдап кеткен. Жергілікті тұрғын құқық қорғау органдарына көлігінің ұрланғаны жөнінде шағымданған, деп хабарлайды Malim.kz.

Елорда полициясының мәлімдеуінше, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр аудандық криминалдық полиция қызметкерлері Nexia автокөлігін айдап кеткен 31 жастағы жас жігітті ұстаған. Ол іздеуде болған автокөлікті мас күйінде айдап кеткен.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, ұсталған азамат көршілес көпқабатты үйдің ауласында тұрған артқы есігі құлыпталмаған шетелдік көлікті ұрлап кеткен.

Ашық тұрған көлікке мініп, құралдың көмегімен көлікті іске қосып, Қарағанды қаласына қарай жол тартқан. Ер адам өз кінәсін мойындады. Осы дерекке қатысы бар адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жедел уәкілдер заттай айғақты тәркілеп, көлікті иесіне қайтарды, деп жазылған ресми хабарламада.

Фото: acat.kz

Байланысты жаналықтар

Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

14.05.2025

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025
MalimBlocks
Tesla компаниясының оқыту әдістемесі: компания автомобиль нарығында қандай төңкеріс жасады

Tesla аккумуляторлар мен чиптерді әзірлеуден бастап БЖ-ны шығарып, тікелей сатуға дейінгі бүкіл өндірістік циклды бақылайды