«Әжетхананы жуудан бас тартқан». Адвокат Думан Мұхаметкәрімнің түрмеде қысымға ұшырағанын айтты

Malim Админ

  • 07.03.2025

Журналист, белсенді Думан Мұхамедкәрімнің Қызылорда түрмесіндегі карцерге қамалғанына бір ай болған. Түрме әкімшілігінің айтуынша, ол ішкі тәртіпке бағынбағаны үшін сондай жаза алған. Адвокаты мұны психологиялық қысым деп санайды. Бұл туралы "Азаттыққа" сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды.    

Думанды қатаң жағдайға өткізді, жалпы режим ішінде қатаң жағдайға өткізді. Қазір Думан туыстарымен кездесе алмайды, тыйым салынған. Думанға сәлемдемелер, сыйлықтар келмей жатыр, ол үшін Думанмен тек адвокат кездесе алады, басқаларға тыйым салынған. … Карцерде тек қана қабырғада бір жатақхана бар, бір койка, ол түнде түсіріледі, күндіз алынады. Бір табурет. Болды, бетон, еден басқа ештеңе жоқ. Тұрып жүреді, орындыққа отыра алады. 

Думан Мұхаммедкәрім осымен карцерге екінші рет қамалған. Біріншісінде түрме киімін кимегені үшін 6 күн отырып шыққан. Түрме киімінен екінші рет бас тартқан соң жалғыз адамдық камераға бір ай отырған. Үшіншісінде карцерге екі айға жапқан. Бұл жолы да форма киюден және қоғамдық әжетхананы жуудан бас тартқаны үшін жазаға тартылған.

Адвокатының айтуынша, Думан өзі отырған камераның тазалығына жауапкершілік алған, бірақ қоғамдық орынды жууға міндетті емес екенін айтқан. Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, Думан өзін заңсыз сотталды деп есептейді, сол үшін форма киюден бас тартқан.

Нұрпейісов оны кейінгі рет қаңтарда көрген, денсаулығы бірқалыпты дейді. Ол Қызылордаға ауысқалы 2-3 рет ауруханаға шығарылған. Думан Мұхамедкәрім өзі тіркелген тұрғылықты жердегі мекемеге емес Қызылорда түрмесіне қамалғанына да наразы.

"Азаттық" аталған мекемеге Мұхаммедкәрім туралы сұрақтар жолдап, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілі ақпаратты анықтап сұрап жатқанын жазды.  

Фото: видеодан скрин  

Байланысты жаналықтар

Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

16.04.2025

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

16.04.2025

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

15.04.2025

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

14.04.2025

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

14.04.2025

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды

11.04.2025
MalimBlocks
Үкімет зиратқа арналған жер телімін сатқандарға айыппұл салады

Қайтыс болған бір адамға 6 шаршы метр жер мемлекеттен тегін беріледі

Астанада заңсыз жұмыс істеп тұрған майнинг анықталды

Ресей азаматтары қайтадан қазақстандық ЖСН ала алады

Су құбырын жаңғырту кезінде 6,4 млрд теңге жымқырылған

«Қазақ газ өңдеу зауытының» экс директоры 4 жылға сотталды

Байшуақов ірі мөлшерде қаржы жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Жаңа Салық кодексі қашан қабылданатыны белгілі болды