457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бағаны негізсіз қымбаттатқан: бірнеше ірі сауда нысанына айыппұл салынды

Заң бұзушылықтың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2 бабы бойынша байқалып отыр.

Жарты жылда сауда заңнамасын бұзған 2 228 сауда субъектісі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жыл басынан бері Сауда комитетінің өңірлердегі департаменттері сауда заңнамасын бұзғаны үшін 2 357 әкімшілік іс қозғады. Нәтижесінде 2 228 әкімшілік қаулы қабылданып, 381 сауда субъектісіне айыппұл салынса, құқық бұзушылықты алғаш жасаған кәсіпкерлік субъектілеріне 1 847 ескерту берілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік бақылау нәтижелерінің көрсеткіші 2 еседен астам өсті, — делінген хабарламада.

Заң бұзушылықтың басым бөлігі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 2 бабы бойынша байқалып отыр. Бірі — ӘМАТ тауарларына сауда үстемін арттыру (ӘҚБтК-нің 204-4-бабы), екіншісі — баға белгілерінің болмауы немесе әртүрлі бағаларды қолдану (ӘҚБтК-нің 193-бабының 4 және 5-тармағы).

Сауда үстемесін арттырғаны үшін Алматы қаласындағы республика көлемінде бірнеше филиалы бар «SMALL» және «METRO» ірі сауда желілері, сондай-ақ мегаполистегі аса ірі премиум-класстағы «Esentai Gourmet» гастрономы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Фото: egemen.kz