Бишімбаев балаларының тегін өзгеруіне келісім берді

Арман Қайыпхан

  • 12.11.2024

Астана соты экс-министр Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру туралы істі қарап, бірінші сатыдағы сот шешімін өзгеріссіз қалдырылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Соттың баспасөз қызметі Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман балалары әкесінің қылмыстық жауапқа тартылуын және қоғам тарапынан бұқаралық ақпарат құралдарында жағымсыз ақпараттар жариялануы салдарынан психологиялық қолайсыздық сезініп жатқанын айтып, үш баланың әкесін ата-ана құқығынан айыруды сұраған.

Дегенмен, соттағылар ата-ана құқығынан айыру үшін мынандай себеп негіз болуы керек екенін еске салды:

ата-аналардың міндеттерін орындаудан жалтару, оның ішінде алимент төлеуден қасақана жалтару;

ата-ана құқықтарын теріс пайдалану;

балаға қатыгездік көрсету, оның ішінде оған күш қолдану немесе психикасына зорлық жасау, оның жыныстық тиіспеушілігіне қастандық жасау;

құмар ойындарға, бәс тігуге, спирттік ішімдіктерге немесе есірткі, психотроптық заттарға және (немесе) сол тектестерге салыну;

ол өз баласының, жұбайының не отбасының басқа мүшелерінің өміріне немесе денсаулығына қарсы қасақана қылмыстық құқық бұзушылық жасауы.

Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, себебі жауапкер балаларға қатысты мұндай әрекеттерге жол бермеді. Қылмыстық құқық бұзушылық отбасы мүшесіне қатысты жасалмаған. Сондай-ақ сот әкесінің балалардың тегін өзгертуге келісім бергенін назарға алып, талап қоюшыға осы мәселемен АХАТ органына жүгіну құқығын түсіндірді, - деп жазылған Астана соттары телеграм-арнасында.

Айта кету керек, апелляцияда қарау кезінде Бишімбаев өз балаларының тегін өзгертуге және шетелге шығуына келісім берді.

Фото: Жоғарғы сот

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген

14.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Мыңнан аса қызметкер жалақысыз жұмыс істеген