Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

БҚО-да жанжал кезінде күйеуін пышақтаған әйел сотталды

Құқық
БҚО-да жанжал кезінде күйеуін пышақтаған әйел сотталды

Батыс Қазақстан облысында жанжал кезінде күйеуіне пышақ сұғып алған әйел сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бәйтерек аудандық сотымен әйел ҚР Қылмыстық кодексінің 1-бөлігінің 106-бабында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотта анықталғандай, әйел жолдасымен жанжалдасып, оның оң жақ бүйрек тұсына ас үй пышағымен соққы жасаған. Салдарынан әйел ер адамның денсаулығына ауыр зиян келтірген.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінді. Өз кезігінде жәбірленуші соттан жұбайын қатаң жазаламауды және оған бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Сот жасалған қылмыс ауыр санатқа жататын, кінәлінің жеке басы туралы деректерді, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болуы және болмауын, жәбірленушінің пікірін ескере отырып, сотталушыны түзеу және жаңа қылмысқар бармауы үшін әділ, қажетті және жеткілікті жаза тағайындау қағидаттарын басшылыққа ала отырып, әйелге 3 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жазаны тағайындады, – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енді.

Фото: ktk.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу