Бұған дейін ақталған Көкірекбаев сот залынан қамауға алынды

Алматы облысының прокуратурасы бірінші сатыдағы соттың қателіктеріне байланысты Көкірекбаев үкіміне апелляциялық шағым түсірген еді.

Берік Дәулетов

  • 26.07.2024

«Қазселденқорғау» ММ бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды, деп хабарлайды Malim.kz.

2024 жылғы 25 шілдеде Алматы облыстық соты апелляцияны қанағаттандырып, істі қайтадан қарауға жіберді. Үкімнің күшін жойды. Кәрім Көкірекбаев сот залында қамауға алынды, – деп жазылған Антикор хабарламасында. 

Кәрім Көкірекбаев Жамбыл облысының бұрынғы әкімі және «Қазселденқорғау» ММ басшысы қызметтерін атқарған. Оның ұсталғаны туралы 2022 жылдың 27 желтоқсанында белгілі болды. Антикор Көкірекбаевты «пара алған кезде» ұстаған.

2023 жылдың мамыр айында Антикор осы іс бойынша айыптылар жұмыс актілеріне қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жалпы сомасы 396 миллион теңге пара алғанын жариялады.

2024 жылдың 7 маусымында Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ бұрынғы басшысы Кәрім Көкірекбаевты сыбайлас жемқорлық ісі бойынша ақтаған.

Оның орынбасары Ахатаев пара алғаны үшін, ал Bazis Construction Infr ЖШС филиалының директоры Поплавский аса ірі мөлшерде пара бергені үшін кінәлі деп танылды.

Алматы облысының прокуратурасы бірінші сатыдағы соттың қателіктеріне байланысты Көкірекбаев үкіміне апелляциялық шағым түсірген еді.

Фото: интернеттен

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

14.05.2025

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды

13.05.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

20 штат Трамп әкімшілігін сотқа берді

38 жыл бұрын қателікпен сотталған ер адам ақталды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Әйгілі актер Жерар Депардье сотталды