eGov.kz-те көлік жүргізушілері үшін жаңа қызмет пайда болды

Арман Қайыпхан

  • 28.11.2024

eGov.kz порталын пайдаланушылар алушының көлік құралын басқаруға жарамды екенін растайтын 073/е нысанындағы медициналық анықтаманы ала алады, деп хабарлайды Malim.kz.
073/е нысанындағы медициналық анықтама – барлық жүргізушілер үшін міндетті құжат, ол көлік құралын басқаруға қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін растайды.

Бұрын азаматтар бұл анықтаманы төрт маманнан (терапевт, психиатр-нарколог, офтальмолог және отоларинголог) медициналық тексерістен өткеннен кейін қағаз түрінде алатын. Жаңа көрсетілетін қызметтің арқасында eGov.kz порталында медициналық анықтама алу процесі жеңілдеді. Енді пайдаланушылар медициналық тексерістен өткеннен кейін анықтаманы электрондық форматта алады, ал цифрлық құжат автоматты түрде бірыңғай деректер қорында сақталады.

Көрсетілетін қызметті пайдалану үшін :

  • eGov.kz порталында авторизациядан өтіп, «Денсаулық» - «Медициналық көмек» бөліміне өту;
  • «№ 073/е нысаны бойынша медициналық анықтама беру» қызметін таңдау;
  • Қол жетімді қол қою әдістерінің бірімен өтінішке қол қою қажет.

Көрсетілетін қызметті алу нәтижесінде мамандардың қорытындысы бар медициналық анықтама PDF форматында пайдаланушының жеке кабинетінде қолжетімді болады. Анықтама оны алған сәттен бастап бір жыл бойы жарамды.

Жаңа қызмет ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ және ҚР Денсаулық министрлігінің бірлескен жұмысының арқасында іске асырылды.

Фото: istockphoto.com

Байланысты жаналықтар

Қазақстанның «электронды үкіметін» Африка елдері қолдана бастады

31.10.2024

Отбасының цифрлық картасы: Биыл 195 мың адам мемлекеттік қызмет алды

04.10.2024

«Арақ ішкен адамның денсаулығы мықты болмайды»: Мас болып ұсталған экс-имамның ВИДЕОСЫ тарады

26.07.2024

Кселл мектептен цифрлық әлемге жол салды

05.07.2024

Мусиннің құны 500 миллион доллар болатын жобасы Сбербанкке бұйырмады

25.03.2022

Министрдің мектептердегі интернетке көңілі толмайды

17.02.2020
MalimBlocks
Қазақстанның «электронды үкіметін» Африка елдері қолдана бастады

Министр Қазақстанда сәтті іске асқан «электрондық үкімет» жобасы өзге елдерге енгізілгенін атап өтті

Отбасының цифрлық картасы: Биыл 195 мың адам мемлекеттік қызмет алды

«Арақ ішкен адамның денсаулығы мықты болмайды»: Мас болып ұсталған экс-имамның ВИДЕОСЫ тарады

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет 23 шілдеде түн ортасында Бурабайдағы түнгі клубтың жанында ұсталды. Ол көлігін мас күйінде жүргізген.

Кселл мектептен цифрлық әлемге жол салды

Жетекші мобильді оператор қазақстандық оқушыларға тариф жасап шығарды

Мусиннің құны 500 миллион доллар болатын жобасы Сбербанкке бұйырмады

Қазақстан цифрлық даму министрілігі Сбермен жасалуы керек болған келісімді қайта қарамайтын болды. Бұл туралы министрлік БАҚ өкілдеріне берген ресми жауабында жазған.

Министрдің мектептердегі интернетке көңілі толмайды