Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге тыйым салына ма?

Қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын

Malim Админ

  • 05.11.2024

ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беруге байланысты өтініштердің көптеп түсуіне байланысты жағдайды түсіндірді.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады. Осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін (іссапарларға, коммуналды және көлік қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, үй-жайларды жалға алуға және т.б. шығыстар бойынша үнемдеу). Бүгінде аталған қаулыға, сондай-ақ басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметшілерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ»,-делінген министрліктің хабарламасында.

Қаржы министрлігінің осыған дейінгі хабарламасында Үкімет қаулысының нормаларын бұлжытпай ұстану қажеттігі және бағдарлама әкімшілерінің қызметкерлерді тізбеде көрсетілгендерден бөлек бюджеттік баптардан қаражатты сыйақыға пайдалануға жол бермеу туралы айтылған болатын. Себебі инвестициялық жобаларды іске асырудан және/немесе мемлекеттік аппараттың жұмысына әсер етпейтін материалдық активтерді сатып алудан үнемделген қаражат бюджетке қайтарылуға тиіс.

Айта кетейік, осыған дейін Қаржы вице-министрі Мәди Такиев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге үнемделген бюджет қаржысы сыйақы түрінде берілмейтіні туралы айтқан болатын.

Кейінірек Президент кеңесшісі, бұрынғы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осы мәселеге қатысты пікір білдірді.

«Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы, Қаржы министрі болып жұмыс істедім. Бұл жерде анықтап кететін мәселе бар. Егер бюджетте сыйақыға қаражат көзделген болса, онда оны ешкім алып қоймайды. Сыйақы ретінде беріледі. Дегенмен, мемлекеттік органдар сатып алу процесін жүргізгенде үнем болады. Сол үнемді Қаржы министрлігі сыйақы ретінде бермеу туралы шешім қабылдап отыр. Бірақ ол әлі заңдастырылмаған. Қазыналық шот бар. Содан бір-біріне аударуға бөгет қоймақшы. Әрине, өзімде білемін, қаншама адам мемлекеттік қызметте. Қарапайым қызметкерлерге ауыр тиеді. Одан өзім де өткенмін. Сондықтан дұрыс шешім қабылдау қажет», - деді Ерұлан Жамаубаев. 

Фото: ernur.kz  

Байланысты жаналықтар

Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

21.11.2024

Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі

13.11.2024

Екі жыл ішінде 23 есірткі зертханасы жойылған

29.10.2024

195 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

24.10.2024

Ринат Зайытов заң жобасын орыс тілінде таныстырған шенеуніктерге ренжіді

17.09.2024

Спортқа жауапты басқарманың экс-басшысы сотталды

17.09.2024
MalimBlocks
Астана мен Алматыда бет-әлпетті танитын бейнекамералар іске қосылды

Іздеуде жүрген адамдарды тануға, құқық бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді

Креативті индустрияны дамытуға қатысты жаңа нормалар енгізіледі

Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Екі жыл ішінде 23 есірткі зертханасы жойылған

14 ұйымдасқан қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды

195 рет жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Көлік жүргізушісі қамауға алынды

Ринат Зайытов заң жобасын орыс тілінде таныстырған шенеуніктерге ренжіді

Спортқа жауапты басқарманың экс-басшысы сотталды

Сурдлимпиаданың спорт түрлерінен аға жаттықтырушыны заңсыз тағайындады деген айып тағылды