Мыңнан аса бекіре мен 67 итбалық табиғи мекеніне жіберілді (ФОТО)

ҰҚК Шекара қызметі «Бекіре-2024» акциясын қорытындылады

Мәди Саматұлы

  • 08.06.2024

ҰҚК Шекара қызметі ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 31 мамырына дейін Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында оларға іргелес жатқан аумақтық суларда Каспий теңізінде «Бекіре-2024» балық қорғау акциясын өткізді, деп хабарлайды Malim.kz.

Нәтижесінде аумақтық және ішкі су режимін бұзған 90 адам, шекара режимін бұзған 72 адам ұсталып, 69 жүзу құралы тәркіленген.

Көптеген браконьерлік аулау құралдары, оның ішінде 263 км-ден астам торлар мен 20 мың ілмек тартып алынған.

Одан бөлек, 1 085 бекіре тұқымдас балық (салмағы 5 536 кг), 65 474 ұсақ тұқымдас балық (салмағы 52 571 кг), сондай-ақ 67 итбалық табиғи мекеніне жіберілді.

Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы көлемі 7,3 млн теңгеден асты.

Қазақстанның 3 азаматына қатысты Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ, өсімдіктер мен жануарлардың түрлеріне, олардың бөліктеріне немесе дериваттарына пайдалануға тыйым салынған түрлерге заңсыз қарау) қылмыстық іс қозғалды.

Мемлекетке келтірілген залал 2,3 млрд теңгеге бағаланады.

Фото: ҰҚК

Байланысты жаналықтар

АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

13.05.2025

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

10.05.2025

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

08.05.2025

Қазақстанда қанша генерал бар?

07.05.2025

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

03.05.2025

Каспий жағасынан өлі итбалықтар табылды

01.05.2025
MalimBlocks
АҚШ пен Қытайдың салық келісімінен соң акциялар қымбаттады

Тізімде ең бірінші 8% өсіммен Amazon және Meta тұр

ҰҚК халықаралық есірткі жеткізу арнасын жойды

ҰҚК қазақстандықтарға ескерту жасады

Қазақстанда қанша генерал бар?

Кәрім Мәсімов астрологқа 200 мың доллар төлеген

Каспий жағасынан өлі итбалықтар табылды