Оралда өзіне абайсызда оқ атқан полицей қайтыс болды

Қазір өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Берік Дәулетов

  • 27.06.2024

Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінше, тәртіп сақшысы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөлімшесінде есін жимастан 27 маусымға қараған түнгі сағат 00.00-де көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

24 маусым күні БҚО ПД ғимаратында полиция қызметкері абайсызда өзіне оқ атып жібергені белгілі болды.

Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен 21 жастағы азаматты облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізіп, дәрігерлер екі тәулік бойы тәртіп сақшысының өмірі үшін күрескен. Алайда ол есін жимай, ауруханада жан тапсыды.

Науқас 27 маусым күні сағат 00:00-де есін жимай қайтыс болды, - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Қазір өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.

Фото: mskagency.ru

Байланысты жаналықтар

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025
MalimBlocks
Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Шерзат ісі: судья ескерту жасады