Павлодар облысында жүк көлігімен Ресейге ұшақ алып өтпек болған

Азамат айыппұл арқалады

Мәди Саматұлы

  • 21.12.2024

Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің (МКД) қызметкерлері ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен бірлесіп қос мақсаттағы тауар – АН – 2Т әуе кемесін тасымалдау дерегін анықтады, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыс департаментінің ақпаратына қарағанда, «Амангелді» автомобиль өткізу пунктінде (Ресейдің Омбы облысымен шекара) «МАЗ 54323» маркалы көлік құралын тексеру барысында құны 1 800 000 ресей рубліне бағаланатын, салмағы 3 тонна 600 келі болатын АН-2Т ұшағын тасымалдау дерегі анықталған.

Ұшақты азамат аукционда жеке мақсаттар үшін сатып алды. Шекарадан өту кезінде ол азаматта өзіндік ерекшелігі бар тауарларды сәйкестендіру туралы қорытынды болған жоқ (өзіндік ерекшелігі бар тауар азаматтық мақсаттарда да, әскери мақсаттарда да қолдануға жатқызылуы мүмкін), дейді экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Мақсұт Қантарбаев.

Ұшақты қажетті рұқсат құжаттарсыз тасымалдаған азаматқа қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 463-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылықты жасау материалдары сотқа жіберілген.

Павлодар облысы Ертіс аудандық сотының қаулысымен азамат кінәлі деп танылып, оған 55 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынған.

Фото: Павлодар облысы бойынша МКД

Байланысты жаналықтар

Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

16.05.2025

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

16.05.2025

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

16.05.2025

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

16.05.2025

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

16.05.2025

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек

15.05.2025
MalimBlocks
Ыстамбұлда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер аяқталды

Түркияда Ресей-Украина келіссөзі өтіп жатыр

Ыстамбұлда Украинаға қатысты үшжақты кездесу өтті

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, кездесу "логистикалық мәселелерге" байланысты өтпей қалған

Зеленский Түркиядан Албанияға кетті

"Ресей климат қаруын іске қосты". "Жаңбыр адам" елдегі қуаңшылықтың себебін түсіндірді

Ердоған: Соғыс Киев пен Мәскеудің тікелей келіссөзі арқылы аяқталуы керек