«Қаңтар» оқиғасында жоғалған қарулар табылды

ІІМ елде ауқымды операция жүргізді

Мәди Саматұлы

  • 27.01.2025

Жыл басынан бастап жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 атыс және травматикалық қару, оның ішінде 4-уі қаңтар оқиғасы кезінде жоғалған, сондай-ақ, 6 граната және 150-ден астам әр түрлі калибрлі оқ-дәрі тәркіленді, деп хабарлайды Malim.kz.

ІІМ мәліметінше, мысалы, Алматы қаласының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы тергеу изоляторының қызметкерлерімен бірлесіп, Түрксіб ауданында қару жасырылған жерді анықтаған. 

3 шолақ мылтық, 3 тапанша, 4 граната, шамамен 50 патрон, сонымен қатар қаңтар оқиғасы кезінде қару-жарақ дүкенінен ұрланған карабин тәркіленді, деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Одан бөлек, Тараз қаласында 2 шолақ мылтық және қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған жауынгерлік арбалет табылған.

Ақтөбеде 56 патроны бар ТОЗ винтовкасы мен Ф-1 гранатасы тәркіленген. Алматы облысында 2 қару, РГД-5 гранатасы және Калашников автоматының 20 патроны, сондай-ақ қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 2 Макаров тапаншасы табылған. Талдықорған қаласында жергілікті тұрғынның автокөлігінен 5 травматикалық тапанша тәркіленген.

Соңғы екі жылда ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері заңсыз айналымнан 1000-нан астам қару-жарақ тәркіледі, оның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 130 қару бар. Бұл бағыттағы жұмыс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында, - деді министрлік өкілі.

Фото: polisia.kz

Байланысты жаналықтар

Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

16.04.2025

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

27.03.2025

8 жылға сотталған Қайрат Құдайбергеннің қандай активтері бар?

03.02.2025

«Дикий Арман» 20 жылға қамалды

27.01.2025

Кеше сотталған экс-полицей Берік Әбілбековтің видеосы жарияланды

18.01.2025

HRW: Мамай, Жыланбаев, Тілеужандарды әділетсіз соттады

17.01.2025
MalimBlocks
Қорғаныс саласына бөлінетін қаржы 120 млрд теңгеге ұлғайтылмақ

Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қарудың заңсыз айналымына қарсы тұру шаралары туралы жариялады

8 жылға сотталған Қайрат Құдайбергеннің қандай активтері бар?

«Дикий Арман» 20 жылға қамалды

Кеше сотталған экс-полицей Берік Әбілбековтің видеосы жарияланды

HRW: Мамай, Жыланбаев, Тілеужандарды әділетсіз соттады

Human Rights Watch ұйымы Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі есебін жариялады