Қостанай облысында есірткімен ұсталған капитан ұзақ мерзімге қамалды

Ол сондай-ақ, екі адамды қылмыс жасауға итермелеген

Арман Қайыпхан

  • 28.08.2024

Қостанай облысында полиция капитаны ұзақ мерзімге түрмеге қамалды. Ол қызметтік бабын пайдаланып, есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтап, тасымалдаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Жоғарғы сот мәлімдемесіне қарағанда, Қостанай қаласы ПБ Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімі бастығының экс-орынбасары полиция қызметкерлерімен топтасып, екі адамды қылмыс жасауға итермелеген. Біріне денсаулығына зиян келтіретінін айтса, екіншісін қылмыстық жауапкершілікке тартатын болып қорқытқан.

ПБ-ның лауазымды тұлғасы қызметтік көлікпен жүріп, аса ірі көлемде психотроптық заттар мен олардың аналогтарын заңсыз, бірнеше рет өткізген.

Тексеру барысында оның автокөлігінен аса ірі көлемде өткізу мақсатында заңсыз сақтап, тасымалдап жүрген гашиш пен меткатинон (психотроптық заттың аналогы) табылып, тәркіленген.

Сотталушының кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, тергеу әрекеттерінің хаттамалары мен бейнематериалдарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және басқа да іс материалдарымен толық дәлелденді, делінген сот хабарламасында.

Сотталушының жеке басын, іс-әрекетінің сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сондай-ақ ҚК-нің 55-бабының 2-бөлігінің нормаларын қолдана отырып, сотталушыға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.

Сондай-ақ, «полиция капитаны» арнайы атағынан айрылған.

Фото: ҚР ІІМ

Байланысты жаналықтар

Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

19.05.2025

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

17.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025
MalimBlocks
Миллиард теңге жымқырған экс-шенеунік Қожағапанов 3 жылға сотталды

Қостанай өңірінде заңсыз иеленген ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке өтті

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді