ҚТЖ-ның жемқорлығын «әшкерелеген» қызметкердің өзіне қылмыстық іс қозғалған

Ол президенттің осы іске назар аударуын сұрап отыр

Мәди Саматұлы

  • 20.10.2024

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы тағы да дауға ілікті. Компанияның бұрынғы қызметкері Сәлмен Әмрин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық бейнеүндеу жасап, компаниядағы жемқорлық схемаларының салдарынан миллиардтаған шығынға ұшырап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы HALYQSTAN телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әмриннің айтуынша, ол және бірнеше әріптесі компаниядағы жемқорлық әрекеттерін әшкерелеп, бұл туралы прокуратураға хабарлаған. Алайда, тергеу ісі күдікті деп саналуға тиіс адамдарға тапсырылып, мәселені шешу орнына, олар компаниядан кетуге мәжбүр болып, өзіне және әріптестеріне қарсы қолдан қылмыстық істер жасалғанын айтады.

Сәлмен Әмрин – Техас университетінің Frank H. Dotterweich атындағы стипендиясының иегері, өндірістік кәсіпорындарды басқару ғылымдарының магистрі және Purdue университетінің докторантура тыңдаушысы. Қазір оған қарсы қылмыстық іс қозғалған, бірақ, ол істің қолдан жасалғанын және өзінің отбасына құқық қорғау органдары тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын мәлімдеді. Сондықтан президенттен бұл мәселеге араласуын және «Қазақстан темір жолы» компаниясындағы жемқорлықты тоқтатуды сұрап отыр.

 

Фото: скриншот

Байланысты жаналықтар

Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

02.04.2025

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

01.04.2025

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

01.04.2025

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

01.04.2025

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

31.03.2025

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

31.03.2025
MalimBlocks
Тоқаев жаңа министрге бірқатар тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовті қабылдады,

Тоқаев жұмыс сапарымен Өзбекстанға барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен 3-4 сәуір күндері Өзбекстанға жұмыс сапарымен барады

Тоқаев пен Пирц-Мусар АХҚО-ны аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанға ресми сапармен келген Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар Астана халықаралық қаржы орталығын аралап көрді

Тоқаев Ұлттық құрылтайда көтерген бастамаларға қатысты жоспарға қол қойды

53 тармақтан тұратын бұл құжатты Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесіп әзірлеген

"Бірқатар ұтымды жоба ұсына аламыз". Тоқаев Словения президентімен не туралы сөйлесті?

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда Словения президентін салтанатты түрде қарсы алды

«Ақорда» резиденциясында Қазақстанға ресми сапармен келген Словения президенті Наташа Пирц-Мусарды салтанатты қарсы алу рәсімі өтті